Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 қарашада № 17705 болып тіркелді.

“Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 18 қазандағы
№ 578 бұйрығына
қосымша

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
  2. Білім беру ұйымдарына бастауыш (“Хореография өнері” мамандығы (біліктілігі “Балет әртісі”) бойынша кадрлар даярлау үшін, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
  3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.
  4. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.

 2-тарау. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

  1. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен төраға сайланады.

Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. “Білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша шешіледі.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  2. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;

2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.

Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3×4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.

“Хореография өнері” мамандығына оқуға түсуші тұлғалар білім беру ұйымында қосымша медициналық комиссиядан өтеді.

Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.

  1. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
  2. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) “Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

1) жеке аудитория ұсыну;

2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:

1) бастауыш білімі бар (“Хореография өнері” мамандығы (біліктілігі “Балет әртісі”) бойынша ғана кадрлар даярлау үшін қабылдау кезінде) оқуға түсушілер үшін бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі және шығармашылық емтихандар) өткізіледі;

2) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

3) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

4) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

5) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Конкурс білім беру ұйымдары өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.

Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.

Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.

Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымидарының интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.

Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнаулы немесе шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған “3”, “4”, “5” бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: “3” – 8 балға, “4” – 17 балға, “5” – 25 балға алмастырады.

Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
  2. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
  3. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Үлгі қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар осы Үлгі қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін шығармашылық емтихандар тапсырады.

Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Педагогикалық мамандықтар, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары өткізетін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсырады.
  2. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны осы Үлгі қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықталады.

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша арнайы емтиханды өткізу нысанын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары дербес айқындайды.

Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оны оқуға түсушілердің назарына құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірмей жеткізіледі.
  2. Оқуға түсушіні арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.
  3. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
  4. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді.

Арнаулы емтихан “өтті” немесе “өтпеді” деген нысанда бағаланады.

  1. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
  2. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге білім беру ұйымына ұсыну үшін бағалау ведомостінен үзінді беріледі.

 

  1. Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.

Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

  1. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  2. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
  3. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

Білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) оқудың күндізгі нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

1) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;

2) жалпы орта білімі бар адамдар үшін үш пәннен 24 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай және кешкі оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.
  Техникалық және кәсіптік
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі қағидаларына
1-қосымша

 Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды Мамандықтың атауы Бейіндік пән атауы
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) Орта білім (жалпы орта)
0100000 –Білім беру
0101000 Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) Биология
0102000 Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша) Биология Биология
0103000 Дене тәрбиесі және спорт 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0104000 Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) Математика Математика
0105000 Бастауыш білім беру* Математика Математика
0106000 Бейнелеу өнері және сызу 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0107000 Технология 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0108000 Музыкалық білім беру 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0109000 Өмір сүру қауіпсіздігі және валеология Биология Биология
0110000 Білім ұйымдарындағы лаборант Биология Биология
0111000 Негізгі орта білім беру* Математика Математика
0112000 Исламтану Қазақстан тарихы Қазақстан тарихы
0113000 Теология Қазақстан тарихы Қазақстан тарихы
0200000 – Құқық
0201000 Құқықтану Құқық негіздері Дүниежүзі тарихы
0202000 Құқық қорғау қызметі Қазақстан тарихы Дүниежүзі тарихы
0203000 Патенттану Құқық негіздері Дүниежүзі тарихы
0300000 – Медицина, фармацевтика
0301000 Емдеу ісі Биология Биология
0302000 Медбикелік іс Биология Биология
0303000 Гигиена және эпидемиология Биология Биология
0304000 Стоматология Биология Биология
0305000 Зертханалық диагностика Биология Биология
0306000 Фармация Химия Химия
0307000 Ортопедиялық стоматология Биология Биология
0308000 Медициналық оптика Биология Биология
0400000 – Өнер және мәдениет
0401000 Кітапхана ісі Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)
0402000 Дизайн (бейін бойынша) 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0403000 Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (бейін бойынша) 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0404000 Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0405000 Хор дирижері 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0406000 Музыка теориясы 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0407000 Ән салу 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0408000 Хореография өнері 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0409000 Актерлік өнер 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0410000 Цирк өнері 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0411000 Театр-декорация өнері (бейін бойынша) 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0412000 Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша) 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0413000 Сәнді-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0414000 Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша) 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0415000 Зергерлік іс (салалары бойынша) 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0416000 Әртіс орындаушы, концерттік бағдарламалардың дыбыс операторы 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0417000 Өнеркәсіп өндірісінің дизайны 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
0418000 Ландшафтік дизайны Математика Математика
0419000 Құрылыстағы дизайн Математика Математика
0420000 Интерьер дизайны Математика Математика
0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару
0501000 Әлеуметтік жұмыс Қазақстан тарихы Дүниежүзі тарихы
0502000 Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) Математика Физика
0503000 Cлесарлық іс Физика Физика
0504000 Бұйымдарды химиялық тазалау және бояу Химия Химия
0505000 Фото ісі Химия Химия
0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика Химия Химия
0507000 Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру Математика Математика
0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру Математика Математика
0509000 Аяқ киім ісі Математика Математика
0510000 Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы бойынша) Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) Қазақ немесе орыс тілі
0511000 Туризм (салалары бойынша) География География
0512000 Аудармашы ісі (түрлері бойынша) Шетел тілі Шетел тілі
0513000 Маркетинг (салалар бойынша) Математика Математика
0514000 Бағалау Математика Математика
0515000 Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) Математика Математика
0516000 Қаржы (салалар бойынша) Математика Математика
0517000 Статистика Математика Математика
0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша) Математика Математика
0519000 Экономика (салалар бойынша) Математика Математика
0520000 Логистика (салалар бойынша) Математика Математика
0521000 Қонақ үй бизнесі: отель/ мейрамхананы басқару Математика Математика
0522000 Іс-шараларды ұйымдастыру және қызмет көрсету Математика Математика
0600000 – Метрология, стандарттау және сертификаттау
0601000 Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) Математика Математика
0602000 Сапаны бақылау (салалар бойынша) Математика Математика
0603000 Бұзбайтын бақылаудың салалары мен түрлері бойынша бұзбайтын бақылау Математика Математика
0700000 – Геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру
0701000 Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау (түрлері бойынша) Математика Математика
0702000 Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы Математика Математика
0703000 Гидрогеология және инженерлік геология Математика Математика
0704000 Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері Математика Математика
0705000 Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу Математика Математика
0706000 Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу Математика Математика
0707000 Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу Математика Математика
0708000 Пайдалы қазбаларды байыту (көмірмен байыту) Математика Химия
0709000 Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту) Математика Химия
0710000 Ашық кеніштің электр-механикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу Математика Химия
0711000 Маркшейдерлік іс Математика Математика
0712000 Жер асты құбырларының құрылысы Математика Математика
0713000 Геодезия және картография Математика Математика
0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі
0801000 Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша) Математика Математика
0802000 Мұнай-газ құбырлары мен мұнай газ қоймаларының құрылысы және оларды пайдалану Физика Физика
0803000 Компрессорлық станциялар мен жерасты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету Математика Математика
0804000 Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау Математика Математика
0805000 Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау Математика Математика
0806000 Ұңғымаларды мұнай мен газға сынау Физика Математика
0807000 Мұнай және газ кәсіпшілігінің техникалық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету Математика Математика
0808000 Мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу (түрлері бойынша) Математика Математика
0809000 Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) Математика Математика
0810000 Мұнай-газ құбырларын, мұнай-газ қоймалары мен жанар май құю станцияларын салу және пайдалану Математика Математика
0811000 Химиялық талшықтар өндірісі Химия Химия
0812000 Резеңке-техникалық өндірісі Химия Химия
0813000 Шина өндірісі және вулканизация процесі Химия Химия
0814000 Полимер технологиясының өндірісі Химия Химия
0815000 Тұтқыр және сусымалы материалдардың химиялық өндірісінің машиналары мен жабдықтарын пайдалану Химия Химия
0816000 Химиялық технология және өндіріс (бейіні бойынша) Химия Химия
0817000 Кокс-химия өндірісі Химия Химия
0818000 Химиялық өндіріс технологиясы (бейіні бойынша) Химия Химия
0819000 Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы Химия Химия
0820000 Изотоптарды бөлу технологиясы мен вакуумдық техника Химия Химия
0821000 Мұнай және газ өндіру технологиясы Математика Математика
0822000 Кен орындарын пайдалану Математика Математика
0823000 Химиялық инжиниринг технологиясы Химия Химия
0824000 Бұрғылау технологиясы Математика Математика
0825000 Газ инжинирингі технологиясы Химия Химия
0826000 Өнеркәсіп жабдықтары Математика Математика
0827000 Ауыр өнеркәсіп жабдықтары Математика Математика
0828000 БӨА инжинирингі технологиясы Физика Физика
0829000 Энергетиканы қайта өңдеу және электроэнергетикалық инжиниринг технологиясы Физика Физика
0830000 Электрлік инжиниринг технологиясы Физика Физика
0831000 Қиын балқитын бейметалл және силикатты материалдар мен бұйымдардың технологиясы Химия Химия
0900000 – Энергетика
0901000 Электр станциялары мен желілерінің (түрлері бойынша) электр жабдықтары Математика Математика
0902000 Электрмен жабдықтау (салалары бойынша) Математика Математика
0903000 Электр энергетикасы (салалары бойынша) Математика Математика
0904000 Темір жол электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу Математика Математика
0905000 Энергетикалық көлік қондырғысын пайдалану (көлік түрлері бойынша) Математика Математика
0906000 Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары Математика Математика
0907000 Техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша) Математика Математика
0908000 Электр станцияларында су, отын және майлау материалдары технологиясы Математика Математика
0909000 Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар Математика Математика
0910000 Электрлік және электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша) Математика Физика
0911000 Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) Математика Физика
0912000 Электротехнология (түрлері бойынша) Математика Физика
0913000 Энергоменеджмент Математика Математика
0914000 Энергоаудит Математика Математика
0915000 Гидроэнергетика Математика Физика
0916000 Гибрид энергиясы Математика Физика
0917000 Дәстүрлі энергетика Математика Физика
0918000 Жаңартылатын энергетика Математика Физика
0919000 Жоғары кернеу желісі Математика Физика
0920000 Төменгі кернеу желісі Математика Физика
1000000 – Металлургия және машина жасау
1001000 Доменді пештерге қызмет көрсету және оларды жөндеу Математика Математика
1002000 Қара металл металлургиясы (түрлері бойынша) Математика Химия
1003000 Түсті металлдар металлургиясы Математика Химия
1004000 Құю өндірісі Математика Математика
1005000 Болаттарды пештен тыс өңдеу Математика Математика
1006000 Металл өңдеу (түрлері бойынша) Математика Математика
1007000 Отқа төзімді заттар өндірісі Математика Физика
1008000 Композициялық және ұнтақты материалдар, жабындар Математика Химия
1009000 Прокаттау өндірісі Математика Математика
1010000 Құбыр өндірісі Математика Физика
1011000 Автоматтық тізбектер және агрегаттық станоктар Математика Математика
1012000 Икемді автоматтық тізбектер Математика Математика
1013000 Механикалық өңдеу, өлшеу- бақылау құралдары және өндірістегі автоматика Математика Математика
1014000 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) Математика Математика
1015000 Машина жасаудағы монтаж және автомобильдерді сынау Математика Математика
1016000 Өнеркәсіптік механика Математика Математика
1017000 Дәл машина жасау Математика Математика
1018000 Механикалық өңдеу Математика Математика
1019000 Автомобиль құрылысы Математика Математика
1100000 – Көлік (салалары бойынша)
1101000 Ұшу аппараттарының өндірісі Математика Физика
1102000 Авиациялық аспаптар өндірісі Математика Физика
1103000 Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету Математика Математика
1104000 Теңіз техникасын электр-радио монтаждаушы Математика Математика
1105000 Қала электр көліктерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша) Математика Математика
1106000 Темір жол жылжымалы құрамының өндірісі (түрлері бойынша) Математика Математика
1107000 Көтергіш- көлік, құрылыс- жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша) Математика Математика
1108000 Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) Математика Математика
1109000 Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) Математика Математика
1110000 Жүк көтергіш машиналар және транспортерлер Математика Математика
1111000 Ұсталық тығыздау жабдықтары Математика Математика
1112000 Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану Математика Математика
1113000 Металлургиядағы машиналар және жабдықтар Математика Математика
1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) Математика Математика
1115000 Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша) Математика Математика
1116000 Геология барлау жабдықтары Математика Математика
1117000 Электроникалық техника өндірісіне арналған жабдықтар Математика Физика
1118000 Тамақ, сауда және ет өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары Математика Математика
1119000 Тоңазытқыш-компрессор машиналары және қондырғылары Математика Математика
1120000 Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) Математика Математика
1121000 Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу Математик Математика
1122000 Әскери іс және қауіпсіздік Математика Математика
120000 – Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану
1201000 Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану Математика Математика
1202000 Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) Математика Математика
1203000 Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару Математика Математика
1204000 Су көлігін пайдалану (бейіні бойынша) Математика Физика
1205000 Әуе көліктерінің қозғалысын басқару және пайдалану Математика Математика
1206000 Жол қозғалысын ұйымдастыру Математика Математика
1207000 Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы Математика Математика
1208000 Иіру және тұту өндірісінің технологиясы (түрлері бойынша) Математика Математика
1209000 Тоқыма өндірісі (түрлері бойынша) Математика Математика
1210000 Мата емес тоқыма материалдар өндірісінің технологиясы Математика Математика
1211000 Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу Математика Математика
1212000 Аяқ киім өндірісі (түрлері бойынша) Математика Математика
1213000 Аң терісі мен қой терісі бұйымдары өндірісінің технологиясы Математика Математика
1214000 Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары Математика Математика
1215000 Жеңіл өнеркәсіпті ұйымдастыру жабдықтары Биология Химия
1216000 Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі Биология Химия
1217000 Темекі өндірісі Биология Химия
1218000 Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары Математика Физика
1219000 Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі Химия Химия
1220000 Қант өндірісі Химия Химия
1221000 Балық өндірісі Биология Химия
1222000 Консервілер және тағам концентраттары өндірісі Химия Химия
1223000 Сыра, алкогольсіз және спиртті ішімдіктер өндірісі Химия Химия
1224000 Сүт тағамдарының өндірісі Химия Химия
1225000 Ет және ет тағамдарының өндірісі (түрлері бойынша) Химия Химия
1226000 Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру Биология Химия
1227000 Полиграфия өндірісі Математика Математика
1228000 Кәбіл өндірісі Математика Физика
1229000 Құрал жасау (салалары бойынша) Математика Математика
1230000 Тоңмай және тоңмай алмастырғыштар технологиясы Биология Химия
1231000 Экологиялық қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету Химия Химия
1232000 Шыныталшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі Химия Химия
1233000 Фарфор және фаянс бұйымдарын дайындау Химия Химия
1234000 Керамикалық өндіріс Химия Химия
1235000 Әрлеу өндірісі (бейін бойынша) Химия Химия
1236000 Тері және үлбірді химиялық өңдеу Химия Химия
1237000 Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу Химия Химия
1238000 Әуе жол кемесіне жерде қызмет көрсету Математика Математика
1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология. Электрондық техника
1301000 Электорондық аспаптар және құрылғылар Математика Физика
1302000 Автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша) Математика Математика
1303000 Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару Математика Математика
1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) Математика Математика
1305000 Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша) Математика Математика
1306000 Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) Математика Физика
1307000 Электр байланысы мен сымдық таратудың желілік құрылыстарын пайдалану Математика Физика
1308000 Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану Математика Физика
1309000 Оптикалық және электрондық жабдық (түрлері бойынша) Математика Математика
1310000 Көліктік (көлік түрлері бойынша) радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану Математика Математика
1311000 Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланысының құрылғыларын пайдалану Математика Математика
1312000 Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар Информатика Математика
1313000 Бағдарламалау Информатика Математика
1314000 Есептеу техникасы және компьютерлік жабдықтар Математика Физика
1315000 Ақпараттық қауіпсіздігі Математика Физика
1316000 Микроэлектроника және мобильді құрылғылар Математика Физика
1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық
1401000 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану Математика Математика
1402000 Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) Математика Математика
1403000 Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) Математика Математика
1404000 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазартқыш құрылыстары Математика Математика
1405000 Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану Математика Математика
1406000 Магистралдық жергілікті және желілік құбырларды монтаждау Математика Математика
1407000 Гидротехникалық құрылыс Математика Математика
1408000 Қалалық қатынас жолдарын салу және пайдалану Математика Математика
1409000 Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы Математика Математика
1410000 Автомобиль жолдарын және әуеайлақтарды салу Математика Математика
1411000 Көпірлер мен көлік тоннелдері Математика Математика
1412000 Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі Математика Математика
1413000 Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша) Математика Математика
1414000 Жиhаз өндірісі (түрлері бойынша) Математика Математика
1415000 Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша) Математика Математика
1416000 Қалдықтарды қайта өңдеу Математика Химия
1417000 Азаматтық ғимараттар интерьерінің дизайны, оларды қалпына келтіру, қайта жаңарту 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
1418000 Сәулет 2 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
1419000 Құрылыс механикасы Математика Математика
1420000 Жылыту, кондиционерлеу және желдету Математика Математика
1421000 Сумен жабдықтау және су бұру Математика Математика
1500000 – Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология
1501000 Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу Математика Математика
1502000 Агрономия Биология Биология
1503000 Өсімдік шаруашылығы Биология Биология
1504000 Фермер қожалығы (бейіні бойынша) Биология Биология
1505000 Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) Биология Биология
1506000 Аңшылық және аң өсіру Биология Биология
1507000 Балара өсіру және жібек шаруашылығы Биология Биология
1508000 Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша) Математика Химия
1509000 Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша) Математика Химия
1510000 Ауыл шаруашылығын механикаландыру Математика Математика
1511000 Жерге орналастыру Математика Математика
1512000 Зоотехния Биология Биология
1513000 Ветеринария Биология Биология
1514000 Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалары бойынша) Математика Химия
1515000 Гидрология және метеорология География География
1516000 Өрт қауіпсіздігі Математика Физика
1517000 Төтенше жағдайларда қорғау (бейіні бойынша) Математика Физика
1518000 Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру Математика Математика
1519000 Мехатроника Физика Физика

Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы берілетін мамандық бойынша біліктілігіне байланысты анықтайды.

  Техникалық және кәсіптік
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі қағидаларына
2-қосымша

 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны

Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының коды Мамандықтың атауы Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
Негізгі орта (жалпы негізгі) білім базасында, бастауыш (“Хореография өнері” мамандығы (біліктілігі “Балет әртісі”) білім базасында Орта (жалпы орта) білім базасында
0100000 – Білім беру
0101000 Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу
0102000 Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша) Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу
0103000 Дене тәрбиесі және спорт Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Мамандандыру бойыншанормативтерді тапсыру Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Мамандандыру бойыншанормативтерді тапсыру
 0104000 Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу
 0105000 Бастауыш білім беру Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу
0108000 Музыкалық білім беру Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Музыкалық шығарманы орындау Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Музыкалық шығарманы орындау
0109000 Өмір сүру қауіпсіздігі және валеология Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу
0110000 Білім беру ұйымдарындағы зертханашы Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу
 0111000 Негізгі орта білім беру Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу
0112000 Исламтану Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу
0113000 Теология Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу
0300000 – Медицина, фармацевтика *
 Ескерту. Бөлім алып тасталды – ҚР  Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
0400000- Өнер және мәдениет
 0401000 Кітапхана ісі Әдебиет бойынша ауызша емтихан Әдебиет бойынша ауызша емтихан
0402000 Дизайн (бейін бойынша) Сурет және кескіндеме, композиция Сурет және кескіндеме, композиция
  0403000 Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (бейін бойынша) Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар),
Шығармашылық қабілеттерін айқындау
Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар),
Шығармашылық қабілеттерін айқындау
0404000 Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан
0405000 Хор дирижері Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан
 0406000 Музыка теориясы Сольфеджиодан ауызша емтихан, музыка әдебиетінен ауызша емтихан Сольфеджиодан ауызша емтихан, музыка әдебиетінен ауызша емтихан
0407000 Ән салу Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан
 0408000 Хореография өнері Кәсіби жарамдылық (сыртқы сахналық және кәсіби физикалық параметрлері)
Сахналық қойылым (би үйлесімділігі, әртіс өнері, музыкалық-ырғақтық қабілеті)
Кәсіби жарамдылық (сыртқы сахналық және кәсіби физикалық параметрлері)
Сахналық қойылым (би үйлесімділігі, әртіс өнері, музыкалық-ырғақтық қабілеті)
0409000 Актерлік өнер Актерлік шеберлік, сахна тілі Актерлік шеберлік, сахна тілі
0410000 Цирк өнері Акробатикажәнеи гимнастика, эквилибристика Акробатика және гимнастика, эквилибристика
0411000 Театр-декорация өнері (бейін бойынша) Сурет және кескіндеме, композиция Сурет және кескіндеме, композиция
 0412000 Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша) Сурет және кескіндеме, композиция Сурет және кескіндеме, композиция
 0413000 Сәндік-қолданбалы өнері және халықтық кәсіпшілік (бейін бойынша) Сурет және кескіндеме, композиция Сурет және кескіндеме, композиция
0414000 Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша) Сурет және кескіндеме, композиция Сурет және кескіндеме, композиция
 0415000 Зергерлік ісі (салалары бойынша) Сурет және кескіндеме, композиция Сурет және кескіндеме, композиция
0416000 Әртіс орындаушы, концерттік бағдарламалардың дыбыс операторы Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан
0417000 Өнеркәсіп өндірісінің дизайны Сурет, сызба Сурет, сызба
0418000 Ландшафтік дизайны Сурет Сурет
0419000 Құрылыстағы дизайн Сурет Сурет
0420000 Интерьер дизайны Сурет Сурет

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

 

 

Бөлісу