Мамандықтардың жалпы сипаттамасы

0403000 «Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» (салалар бойынша). Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеуішіне сәйкес көрсетілген. Күндізгі оқу формасында мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі:

  • орта буын маманы – 3 жыл 10 ай
  • сырттай білім беру – 2 жыл 10 ай

Бітірушінің біліктілігі – 0403013-1 Педагог-ұйымдастырушы.

Педагог-ұйымдастырушы – хореография бойынша маман; билерді, балет спектакльдерін қоюшы.

Мамандықтың сипаттамасы: Бұл өз труппасына немесе кез-келген басқа бишілер тобына билер шығаратын шығармашылық мамандықтың өкілі.

Кәсіби іс-әрекеттің объектілері: Мәдениет үйлері, өнер және білім беру мектептері, мектепке дейінгі балалар мекемелері, халық театрлары, шығармашылық орталықтары, мәдениет және демалыс парктері, сахналық қойылымдарға арналған алаңдар, өнерпаз шығармашылық ұжымдары.

Түлек білуі керек:

  • хореографиялық ұжымымен жұмыс істеу әдістемесін:
    • классикалық
    • халықтық
    • бал билерін
  • хореографиядан білім беру әдісі мен түрлерін;
  • хореографиялық ұжымдағы әр жастағы топтармен жұмыс істеу әдістемесін;

Түлек істей білуі керек:

  • ұжымды шығармашылық жұмысқа ұйымдастыруды;
  • хореографиялық ұжым жұмысын жоспарлауды;
  • хореография бойынша сабақтар өткізуді;
  • хореография ұжымын құруды;
  • хореографиялық ұжымдағы әр жастағы топтармен жұмыс жасауды.
Бөлісу