Мамандықтардың жалпы сипаттамасы

0403000 «Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» (салалар бойынша). Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеуішіне сәйкес көрсетілген. Күндізгі оқу формасында мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі:

  • орта буын маманы – 3 жыл 10 ай

Бітірушінің біліктілігі – 0403013-7 Педагог-ұйымдастырушы.

Педагог-ұйымдастырушы – мерекелік және театрландырылған қойылымдармен айналысады. Ол іс-шараның тұжырымдамасын құрып, іске асырады. Қатысушылардың құрамын таңдайды. Сахна, жарық және дыбыс шеберлерімен келіседі.

Мамандықтың сипаттамасы:

Бұл теледидар немесе театр жобаларның шығармашылық көшбасшысы. Ол жұмыстың көркемдік компоненті үшін жауап береді.

Оның жетекшілігімен әртістер, операторлар, дыбыстық инженер, дизайнер, қозғалыс қоюшысы және т.б. жұмыс атқарады.

Жобаның табысты немесе сәтсіздігін оның есімімен байланыстырады.

Кәсіби іс-әрекеттің объектілері: Мәдениет үйлері, өнер және білім беру мектептері, мектепке дейінгі балалар мекемелері, халық театрлары, шығармашылық орталықтары, мәдениет және демалыс парктері, сахналық қойылымдарға арналған алаңдар, өнерпаз шығармашылық ұжымдары.

Түлек білуі керек:

  • К.С.Станиславскийдің жүйесі арқылы актерді оқыту және тәрбиелеудің негіздерін;
  • сахналық әрекеттің түрлерін;
  • театрландырылған эстрадалық түрлерінің қойылуын;
  • көпшілік мейрамдардың және халық серуендерінің драматургиясын;
  • көркемдік публистистикалық қойылымдарды ұйымдастыру және өткізу технологиялық жүйесін.

Түлек істей білуі керек:

  • эстраданың шағын театрланған түрін (миниатюра, скетч, интермедиа) режиссерлауды;
  • қойылымдарды режиссерлауды;
  • театрландырылған қойылымдарды режиссерлауды;
  • шағын және көлемді театрландырылған қойылымдарда актерлік жұмыс жасауды.
Бөлісу