Мамандықтардың жалпы сипаттамасы

0403000 «Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» (салалар бойынша). Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеуішіне сәйкес көрсетілген. Күндізгі оқу формасында мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі:

  • орта буын маманы – 3 жыл 10 ай
  • сырттай білім беру – 2 жыл 10 ай

Бітірушінің біліктілігі – 0403013-2 Педагог-ұйымдастырушы.

Оқыту және ансамбльдің (оркестр, хор, опера және т.б.) музыкасының жетекшісі.

Мамандықтың сипаттамасы: Оркестрдің жетекшісі барлық музыкалық мамандықтардың ең қиыны. Жұмыс барысында ол бүкіл команда жұмысының сапасына жауапты. Ол тек музыкалық шығармаларды ғана емес, сонымен бірге ол жұмыс істейтін музыканттардың немесе хорлардың әрқайсысының қабілеттерін біледі. Бұл маман орындаушылардың мүмкіндіктеріне сай шығармаларды таңдап партияларды таратады.  Оркестр жетекшісінің кәсібилігі сондай-ақ, жұмыстың көрнекті болуына және дыбыстың ерекше шығуына мүмкіндік береді.

Кәсіби іс-әрекеттің объектілері: Мәдениет үйлері, өнер және білім беру мектептері, мектепке дейінгі балалар мекемелері, халық театрлары, шығармашылық орталықтары, мәдениет және демалыс парктері, сахналық қойылымдарға арналған алаңдар, өнерпаз шығармашылық ұжымдары.

Түлек білуі керек:

  • оркестрдағы музыкалық аспаптардың түрлерін;
  • оркестрге қатысушылармен жеке жұмыс жасау ерекшеліктерін;
  • қазақ халық аспаптарында ойнап үйрену әдістемесін;
  • негізгі динамикалық нюанстарда оркестірдің ұтымды дыбыс шығару күшіне жету тәсілдері;

Түлек істей білуі керек:

  • оқу-тәрбиелік, көркемдік жұмысты жоспарлау және жүзеге асыруды;
  • оқу құжаттарын жүргізуді;
  • оркестрге (ансамбльге) қатысушылардың орындаушылық және шығармашылық деңгейін көтеруді;
  • концерттік орындаушылықты ұйымдастыру және өткізуді;
  • көркемөнерпаз оркестрін (ансамблін) ұйымдастыру және онымен жұмыс істеуді.
Бөлісу