Мамандықтардың жалпы сипаттамасы

0402000 Дизайн (профиль бойынша). Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеуішіне сәйкес көрсетілген. Күндізгі оқу формасында мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі:

  • орта буын маманы – 3 жыл 10 ай

Бітірушінің біліктілігі – 0402022 Көркемдік-әсемдеу жұмыстарын орындаушы.

Суретші-конструктор, түрлі салалардағы көркем және техникалық қызметпен айналысатын адам (соның ішінде сәулетші, жобалаушы, иллюстратор, плакат және баспа жарнамалық графикасының дизайнері, веб-дизайнер).

Мамандықтың сипаттамасы: өнеркәсіптік өнімдердің эстетикалық көрінісін жобалаумен, интерьерлерді, заттарды көркемдеп құрастырумен айналысатын маман.

Кәсіби іс-әрекеттің объектілері:

Адам қызметінің әртүрлі саласындағы көркемдік әсемдеу жұмыстары болып табылады; өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері, көлік құралдары, мәдени міндет атқаратын заттар, қалалық ортаны жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету элементтері, көрмелер, мұражайлар, жәрмеңкелер, фестивальдар, мерекелер, графикалық өнімдер, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық міндет атқаратын жеке бұйымдар, қызмет көрсетулер.

Түлек білуі керек:

  • графика жобаларының түрін;
  • құралдар мен материалдарды;
  • сәндік-монументальды өнер түрлерін;
  • интерьердегі дизайн заттарын;
  • макеттеу;
  • интерьердегі композициялық ерекшеліктерін;
  • кеңістік түрлері мен типтерін;
  • компьютерлік бағдарламаларда пішімдердің құралуын жасау;
  • ғимараттардың инженерлі құралдарының жүйесін.

Түлек істей білуі керек:

  • интерьерде бейнелеу өнер туындыларын қолдану;
  • бейнелі-кеңістік ойлау қабілеттілігін дамыту;
  • көріністік және жұмыс сызбаларын көрсету үшін компьютерлік бағдарламаларды қолдану;
  • интерьерді жобалауда ғимараттың конструктивтік сызбасын ескеріп отыру;
  • жиһаздардың стилін анықтау.
Бөлісу