Мамандықтардың жалпы сипаттамасы

0402000 Дизайн (профиль бойынша). Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеуішіне сәйкес көрсетілген. Күндізгі оқу формасында мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі:

  • орта буын маманы – 3 жыл 10 ай

Бітірушінің біліктілігі – 0402013-3 Дизайнер.

Суретші-конструктор, түрлі салалардағы көркем және техникалық қызметпен айналысатын адам (соның ішінде сәулетші, жобалаушы, иллюстратор, плакат және баспа жарнамалық графикасының дизайнері, веб-дизайнер).

Мамандықтың сипаттамасы: қазіргі заманғы сән үрдістеріне сәйкес келетін киімді жобалаумен және құрастырумен айналысады.

Кәсіби іс-әрекеттің объектілері:

Адам қызметінің әртүрлі саласындағы көркемдік әсемдеу жұмыстары болып табылады; өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері, көлік құралдары, мәдени міндет атқаратын заттар, қалалық ортаны жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету элементтері, көрмелер, мұражайлар, жәрмеңкелер, фестивальдар, мерекелер, графикалық өнімдер, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық міндет атқаратын жеке бұйымдар, қызмет көрсетулер.

Түлек білуі керек:

  • киім стилизациясын;
  • заманауи беталыс;
  • тігін бұйымдарының технологиялық дайындықтарын;
  • өлшем белгілерін және адам денесінің антропомерлік амалдар арқылы өлшеуін;
  • киім құрылымының әдістемесі;
  • әйел және ер адам киім үлгісі құрылымының ерекшелігі.

Түлек істей білуі керек:

  • нобай, фор-эскиздерді орындағанда рационалды техниканы таңдай білу;
  • тігін бұйымдарын әр түрлі сәндеп көркемдеу;
  • ілмелеу әдісімен қалыпты дайындау.
Бөлісу