Мамандықтардың жалпы сипаттамасы

0401000 «Кітапхана ісі». Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеуішіне сәйкес көрсетілген. Күндізгі оқу формасында мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі:

  • орта буын маманы – 2 жыл 10 ай
  • сырттай білім беру – 1 жыл 10 ай

Бітірушінің біліктілігі – 0401013 Кітапханашы.

Кітапханашы – кітапханалық және ақпараттық ғылымдардағы ақпаратты өңдеуде кәсіби маман болып табылады, ол ақпаратты қажет ететін барлық адамдар үшін ақпараттық қызметтер мен материалдарды ұйымдастырады және басқарады.

Мамандықтың сипаттамасы:

Жұмыс халыққа ақпараттық қызмет көрсету (әдебиеттерді іріктеу, кеңес беру, каталогтарды жасау), кітапханада сақталған кітаптарды есепке алу және жүйелеу және қолданыстағы кітапхана қорын сақтаумен байланысты.

Кәсіби іс-әрекеттің объектілері: Республикалық, облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық кітапханалар, мәдениет, білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарының кітапханалары, сан саладағы министрліктерге қарасты арнайы кітапханалар, ғылыми-техникалық кітапханалар жүйесі, жеке кітапханалар, виртуалды кітапханалар.

Түлек білуі керек:

  • библиографиятану құрылымын;
  • кітапхана ісінің тарихын;
  • каталогтардың түрлері мен нысандарын, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің каталогтары мен карточкалар жүйесін;
  • Қазақстандағы автоматтандырылған кітапхана бағдарламаларының әрекетін;
  • басылым түрлері мен тақырыптарын;
  • Қазақстан Республикасында кітап жариялаудың қазіргі жағдайын.

Түлек істей білуі керек:

  • кәсіби-тәжірибелік библиографиялық қызметті жүзеге асыруды;
  • кітапханада анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыруды;
  • оқырмандарды және кітапхана оқуларын танып-білуді;
  • кітапханалық қызмет көрсетуді;
  • кітапхана қорын жинақтау, өңдеу, сақтауды;
  • автоматтандырылған РАБИС, КАБИС бағдарламалармен пайдалануды және т.б.
Бөлісу