«Мен өзімнің бос уақытымда да жұмыссыз болмаймын»,-деген Марк Тулий Цицеронның пікірі мәдениет колледжінің мәжіліс залына қатысты айтылғандай. Колледждің мәжіліс залы көп функционалды: көрермен залы ретінде де, көрермен орындықтарынан босатылып шығармашылық алаң ретінде де қолданылады. Колледждің арнайы пәндер оқытушылары үшін мәжіліс залы жұмыс кабинетінің қызметін атқарып, білім алушылардың шығармашылық лабораториясы да  болып табылады. 150 орындық шағын мәжіліс залында колледжішілік барлық іс-шаралар өтеді. Мәжіліс залында тұсаукесер рәсімдерін, фильмдерді көру, дизайнерлік киім топтамаларын, мерекелік іс-шаралар мен концерттер, актер шеберлігінен және режиссурадан шеберлік  сыныптарын өткізу үшін аудио-визуалды,  жарық беру құрылғылары орнатылған.

Колледждің мәжіліс залы ауа баптағыш және жарық беру жүйесімен, бұдан басқа да заманауи техникалық құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етілген. Осының бәрі мәжіліс залының пайдалану мүмкіндігінің ауқымын кеңейтеді. Залдың техникалық қауіпсіздігі де ескерілген. Онда экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және тағы басқа мемлекеттік нормалардың барлық талаптарына сай құрылғылар орнатылып, адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіп тудырмайтын жағдай жасалған.

Колледждің мәжіліс залы шағын болса да, қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтар орнатылған:

  • Колледжде өтетін іс-шараларды техникалық жағынан сүйемелдеу үшін видеожобалар мен жобалық экрандар арқылы тұсаукесер рәсімдер, конференциялар, қойылымдар, оркестрлер, шығармашылық кештер, концерттер және басқа да аудио-видеоматериалдарды көрсету мүмкіндіктері бар. Бұл жүйе колледждегі  кез-келген іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етіп,  көрермендердің есінде ұзақ сақталуына себеп болады.
  • Радиомикрофондар түрлі іс-шараларға қатысушылардың дауысының күшеюін, сондай-ақ әртүрлі кештерде (конференциялар мен шеберлік сыныптарда, т.б.) көрерменмен қарым-қатынас жасау үшін қолданылады.
Бөлісу