Көрме – бұл шынайы өнер туындылары

Кімде-кім тамаша дүниелерді көре білсе,
сол адам ұзақ жасайды.
Ф.Кафка

Өнерді бағалаушы және нағыз білгір  адам әрқашан көркемдік әлемдегі  шығармашылық жұмыстарды түсіне біледі. Заманауи суреттер қазіргі пайымдаушыларға деген қарым-қатынасты өзгертеді. Суретші-дизайнерлер көрмеде туындылар мен көрермен арасын жақындатады, шынайы өмірдегі қызықты композицияларды жинақтайды, өнер туындыларын қабылдау мүмкіндіктерін зерттей отырып заман талабына сәйкестендіреді.

Экспозиция дизайны көрме кеңістігіндегі түрлі мүмкіндіктердің ерекше тізбегі ретінде орналасқан. Көрмеге студенттердің орындаған қызықты әрі көп қырлы шығармашылық жұмыстары қойылады. Жұмыс авторлары түрлі техникаларды қолданады: кескіндеме, сурет, авторлық қуыршақ, этнодизайн, дизайн ортасы – көрмені одан әрі бірегейлендіре түседі.

«Суретшілер махабат көзімен ғана салады және сол көзбен ғана таразылайды»- дейді Готхольд Эфраим Лессинг. Колледж білім алушыларының жұмыстары аймақтың мәдени орталығы болып саналатын мекемелердің түрлі деңгейдегі көрмелеріне де қойылып, танымалдылыққа ие болуда:

  • Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының мұражайлары;
  • М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхана;
  • Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы;
  • «Көкшетау» және «Достар» мәдениет үйлері;
  • Достық үйі.

«Таңдаулылар ғана өнерді тудыра алады», – дейді Жюльен Грюн. Колледж білім алушылары көркем шығармашылық шеберлігіне дизайн пәнінің тәжірибелі оқытушыларынан  білім алып, тәжірибе жинақтайды. Олардың ішінен ҚР суретшілер Одағының мүшесі, кескіндеме мен сурет өнерінің шебері Мағзұмов Дужан Нұроллаұлын ерекше атап өткеніміз дұрыс.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен Дужан Нұроллаұлының жеке шеберлік көрмесі жаңа шығармашылық идеялармен рухтанған, техника шеберлігін жүзеге асырған дүниелерге толы болды. «Суретшінің негізгі міндеті – дәлелдеу емес, көрсету»  – дейді А.А.Блок, себебі «Суретші суретпен ойланады» (С.Дали).

Болжауға келмейтін, өзіндік ерекше суретшінің әрбір шығармасы нағыз өнер туындысы болып келеді, ондай шығармалар эмоциялар мен толғаныстарды дүниеге әкеледі, өзін және қоршаған ортаны терең түсінуге көмектеседі. Марк Шагал: «Суретшінің қадір-қасиеті әлемдегі таңырқау сезімдерін оятумен байланысты», – дейді. Бұл пікір Ақан сері атындағы мәдениет колледжіндегі  дизайнер-суретшілердің негізгі ұмтылысына сәйкес келеді.

Бөлісу