Шабыт көзі, ойлар ұшқыны, өзіңді көрсету тәсілі – бұның барлығы би өнеріне қатысты ұғымдар. Би залы – кез келген хореография мектебінің деректеме көзі. Би сабағы өтетін зал кең әрі жарық болуы керек. Егер хореография сабағының өтуіне жақсы жағдай жасалса, биші бәсекеге қабілетті бола алады. Би залында бишіге қолайлы жағдай жасалса, онда үйлесімді де шабытты  шығармалар дүниеге келеді.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде  би өнері 37 жыл бойы үйретіліп келеді.

Колледждің хореографиялық залы барлық талаптарға сай, толық жөндеу жұмыстары жүргізілген, айналар мен жатығулар барысында қолданылатын сүйемелдеуші құрылғы (білдектер) орнатылған, ал еден жабығы би сабағына ыңғайланған.

Бөлісу