Француз философы Пьер Тейляр де Шарден: «Жақсы ойлау үшін, тамағың тоқ болу керек. Бір кесек нан қанша ойды өмірге әкеле алады» – десе, қазақ жазушысы Бауыржан Тойшыбаев: «Аш адамның миында асқазаны тұрады», – деген. Сондықтан адам үшін, әсіресе, оқып жүрген, студент жастар үшін жақсы, сапалы тамақтанудың маңызы ерекше.

Колледж қызметкерлері мен білім алушыларын ыстық та қол жетімді тамақпен қамтамасыз ету үшін жарық та жайлы, өте таза 50 орындық асхана жұмыс істейді. Халық даналығы «Бақытты адамдарды көрсең, олардың аспазы кім екенін сұра» дегендей, колледж асханасы білім аулшылар мен ұжымның гастрономиялық қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Асханада жоғары кәсіби, тәжірибелі аспаздар жұмыс істейді. Асхана меңгерушісі – Елена Артуровна Ларионова.

Асханада күнде жаңа тағамдар ұсынылады, әртүрлі тағамдарды дайындауда әр азық-түліктің дәрумендері, калориясы міндетті түрде ескеріледі. Тамақтанушылар таңғы, түскі, кешкі өз қалаулары бойынша тізімнен (меню) таңдайды.

Асханада түрлі әдіспен дайындалған тағам түрлері ұсынылады: бұқтырылған, буда дайындалған, пісірілген, қуырылған және әртүрлі салат түрлері. Қандай да болмасын тағам дайындаларда қолданылатын азық-түліктің санитарлық-гигиеналық талаптары қатаң сақталады және сапасы тексеріледі. Колледж асханасында аспаздардың өздері ұн тағамдарын, кулинарлық және кондитерлік тағам түрлерін, ыстық, салқын сусындарды, шырындар мен компот т.б. дайындайды.

Тағам тізімінің түрлілігі, молдығы, ас дайындаудың жоғары сапалылығы, дәмділігі, сонымен қатар өте сыпайы аспаздар колледж ұжымы мен білім алушылардың көңілінен шығуда.
Асхананың жұмыс уақыты кімге де болсын өте ыңғайлы: оқу басталуға жарты сағат қалғанда ашылып, жұмыс күнінің соңына дейін жұмыс істейді.

«Жақсы өмір сүру үшін жақсы тамақтану қажет», – деген екен британдық аспаз Гордон Рамзи. Колледж асханасының дизайны қазіргі заман талаптарына сай сәнді және заманауи.

Асхананы студенттердің креативті аймағы деп те атауға болады, себебі бұнда білім алушылар дәмді тамақтанып қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен әңгімелесіп, уақыттарын жақсы өткізулеріне болады.

Бөлісу