Колледжге түсуге арналған құжаттар тізімі:

  • оқуға қабылдау туралы өтініші;
  • білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
  • 3×4 көлемдегі 4 сурет;
  • жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

  • шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
  • азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • босқын – босқынның куәлігі;
  • пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  • оралман – оралман куәлігі.
Бөлісу