Ақан сері колледжі білім беру ордасы ғана емес, ол сонымен қатар бірінші кезекте мәдени білім ошағы болып табылады. Сондықтан ол «Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» деген атауға ие болып отыр. Белгілі профессор Д.С.Лихачев: «Мәдениетте бәрінен бұрын кітапхана болуы маңызды. Бәлкім институт, университет, басқа да оқу орындары болмауы мүмкін, ал кітапханасы бар елдің мәдениеті мәңгілік». Сондықтан кітапхана қоры колледждің негізгі басымдығы болып табылады.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан кітапхананың жалпы көлемі – 102,4 м2.

Ағылшын жазушысы Ч.Лемб: «Жақсы кітапханада болудың өзі бір ғанибет. Кітапқа үңілудің өзі зор бақыт. Сіздің алдыңызда керемет әлем: сіз әлемге ене отырып, өз қалауыңызша керегіңізді ала аласыз». Бүгінгі күнде кітапхананың жалпы қоры 20480 дананы құрайды, оның ішінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар 12157 дана, мемлекеттік тілдегі әдебиеттердің барлық саны 5588 дана.  Кітап қорын толыққанды жинақтау үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізіледі, қордың құрамы мен айналымы үнемі зерттеледі.

Кітапхана заман ағымына сай болу керек. Белгілі жазушы әрі журналист Л.И.Владимиров: «Біздің ғасыр – бір-бірімен тығыз байланысты арнайы кітапханалар және мамандандырылған кітапханалар жүйесінің заманы», – деген болатын.

Кітапхана қорының басым бөлігі барлық жалпы білімдік пәндер және мамандықтарға арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерден тұрады, сонымен қатар педагогика, қоғамдық ғылымдар бойынша: саясат, экономика, философия, мемлекет және құқық, психология, мәдениет, тарих, тіл білімі және әдебиеттану; жаратылыстану ғылымдары, көркем әдебиеттер жинақталған. Қордың оқу құралдарымен толықтырылуы Ақмола облысы білім Басқармасы арқылы және колледж есебінен жүзе асырылды.

Кітапханалық қызмет көрсету барысын жетілдіру және автоматтандыру мақсатымен РАБИС модулінің «Администратор», «Генератор», «Каталогизатор», «Тіркеу», «Кітап берілімі», «Іздеу. Тапсырыс» бағдарламалары сатып алынып іске қосылды. «Каталогизатор» бағдарламасы арқылы электронды каталогты жүйелі толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Электронды каталог (ЭК) кітапханадағы бар құжаттарды бағытты іздестіру барысындағы ақпараттық іздеу жүйесінің негізіне айналды. Бүгінгі күнде ЭК, баспа каталогқа ұқсас болғанмен іздестіру мүмкіндігі жоғары, кітапхананың маңызды бөлігі. Қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер өңдеуден өтіп, сипаттамалары электронды және дәстүрлі каталогтар жүйелеріне уақытында енгізіледі.

Оқу залы

ХV ғасырда кітапхана есіктерінің бірінде мынадай жазу болған: «Ғылым мен білім үйренушілер, бұл есікті қатты серіппейді. Егер сен бұл жерде ғылыммен айналысып отырған адамды көрсең, оған әңгіме айтып бөгет жасаушы болма. Бұл жерде даналар оқырмандармен сөйлейді». Кітапхананың 30 орынды оқу залында барлық анықтамалық-библиографиялық әдебиеттер, энциклопедиялар мен аудио кітаптар орналастырылған. Мұнда білім алушыларға кітапхана қорымен толыққанды пайдалануға барлық мүмкіншіліктер жасалған.

Жыл сайын оқырмандардың жан-жақты сұраныстарына сәйкес және мамандықтардың қажеттілігіне тікелей байланысты республикалық, облыстық деңгейдегі газеттер мен журналдарға, сонымен қатар ресей журналдарына жазылу жүргізіледі. Мерзімді басылымдардың қоры осы залда шоғырланған.

Республикалық және облыстық газеттер:

  • Акмолинская правда
  • Ана тілі
  • Арқа ажары
  • Бұқпа
  • Білімді ел – Образованная страна
  • Егемен Қазақстан
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақстан zамаn
  • Қазақстан мұғалімі
  • Казахстанская правда

Республикалық  журналдар:

  • Алғашқы әскери дайындық өмір қауіпсіздігі негіздері
  • Английский язык в школе, колледже и ВУЗ-е
  • Асанәлі
  • Әдіскер-методист
  • Балдырған
  • Білім – образование
  • Бейнелеу өнері, еңбекке баулу, музыка және сызу мектепте
  • Дәстүр
  • Жалын
  • Жұлдыз
  • Жыл он екі ай
  • История Казахстана: преподование в школе
  • Кадр маманы – Кадровик
  • Классный час
  • Клуб: творчество, общение, интересы
  • Колледж: кәсіби білім беру – Профессиональное обучение
  • Кітап және кітапхана – Книга и библиотека
  • Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана
  • Қазақ және әлем әдебиеті – Казахская и мировая литература
  • Қызықты психология
  • Мастер класс
  • Мәдениет
  • Мектептегі кітапхана – Школьная библиотека
  • Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері
  • Музыка әлемінде – В мире музыки
  • Оқу-инновациялық технологиялар – Учебно-инновационные технологии
  • Парасат
  • Педагогика және өнер – Педагогика и искусство
  • Правительств. бюллетень (приложен к собранию актов)
  • Простор
  • Театр КZ
  • Техникалық және кәсіптік білім – Техническое и проф. образование
  • Самопознание
  • Собрание актов Президента РК и Правительства
  • Сынып жетекшісі – Классный руководитель

Ресей басылымдары

  • Идеи вашего дома
  • Интерьер +дизайн
  • Сценарий и репертуар

Елеулі тақырыптар бойынша кітаптарды насихаттау барысында  келесі тұрақты кітап көрмелері рәсімделіп, үнемі толықтырылып отырады.

  • «Ел болашағының алтын арқауы»
  • «Өрісі кең өнер ордасы»
  •  «Ұлы даланың дүбірлі тойы»
  •  «Ақпараттар әлемінде»
  •  «Жаңа кітаптар»
  •  «Оқытушылар назарына»

Оқу залындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін 8 компьютер орнатылған. Білім алушылардың оқу бағдарламалары бойынша қосымша материал жинастыруға мүмкіндік туғызу мақсатымен 5 компьютер интернет желісіне қосылған. Сонымен қатар пайдаланушылар қажетті әдебиеттерді ЭК іздестіруге арнайы қосымша компьютерде РАБИС модулінің  «Іздеу. Тапсырыс» бағдарламасы орнатылған.  Білім алушыларға РАБИС ақпараттық іздестіру жүйесін қолдану барысында ЭК библиографиялық деректер базасының әр түрлі түпнұсқаларын пайдалану үшін кеңес беріліп, курстық және дипломдық жұмыстар тақырыбы бойынша әдебиеттер жинақтауға көмек көрсетіледі.

Кітапханатану саласындағы АҚШ-тың белгілі оқымыстысы:  «Кітапхананың жарқын болашағы оның тек сыртқы келбетінен ғана емес, сондай-ақ Александрия кітапханасынан бастау алған кітапханалардың айрықша белгісі оның интеллектуалды қызметінен көрініс табады», – деген. Оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітапханалық-библиографиялық білімді тарату мақсатымен оқу залында жүйелі түрде библиографиялық сабақтар, құжаттар қорын насихаттау және жаңа түскен әдебиеттермен таныстыру үшін дәстүрлі библиографиялық шолулар жүргізіліп тұрады.

Кітапхана қызметкерлері колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысады. Кітапханада көпшілік іс-шаралардың келесі түрлері үнемі өткізілуде: кітап көрмелері,  ашық көрсетілімдер, библиографиялық және тақырыптық шолулар, ақпараттық сағаттар, ауызша журналдар, әдеби кештер, дөңгелек үстелдер және т.б.

2015-2016 оқу жылында төмендегідей іс-шаралар өтті:

  • Ш.Уәлихановтың туғанына 180 жыл болуына орай «Талант пен тағдыр» атты ақпараттық сағат;
  • «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романы бойынша оқырмандар конференциясы;
  • 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Арулар – асыл жандар» атты кітап көрмесі

 2016-2017 оқу жылында:

  • Суырыпсалма ақын, жерлесіміз Ақан серіге арналған «Сұлу сөздің сүлейі – Ақан сері» атты оқырмандар конференциясы;
  • Ағартушы, жазушы Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» деген тақырыпта әдеби кеш;
  • Жазушы Е.Мырзахметовтің шығармашылығына арналған «Тағдырдың талайына мойымаған» атты еске алу кеші;
  • Жазушы Ж.Аймауытовтың 100 жылдығына орай «Сан қырлы талант иесі» атты ақпараттық сағат;

2017-2018 оқу жылында:

  • Қазақстан халықтары тілдері Күніне арналған «Тіл – ұлттық құндылық» деген тақырыпта дөңгелек үстел;
  • «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «Кітап – білім бұлағы» атты буккросинг;
  • ҚР Бірінші Президент Күніне орай «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті» атты ақпараттық сағат пен «Кемеңгер көшбасшы – PrezidentЛидер нации» деген тақырыптағы кітап көрмесі;
  • Б.Момышұлының атында әскери-патриоттық клубтың ашылуына орай «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» деген тақырыпта ақпараттық стенд  және кітап көрмесі.

Кітапханада Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламасын насихаттау барысында «Рухани жаңғырудың негізгі құндылықтары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Бұл бағдарламаны насихаттау барысында «Туған жер» деген бағытты алып, «Кітапхана ісі» мамандығының 1 курс білім алушыларымен кітапханашылар бірлесе отырып, қаңтар айының басында «Ақмола облысының киелі жерлері – біздің мақтанышымыз» атты ауызша журнал өткізді.  Ауызша журналдың мақсаты – колледждің білім алушыларын «Қасиетті Қазақстанның 100 киелі орындары» атты республикалық картаға енген Ақмола облысының 9 киелі орнымен таныстыру және туған өлкеге деген құрметін арттыру.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжі кітапханасының қызметі Л.Соболевтің айтқан мына пікіріне сай келеді: «Кітапсыз адамның толыққанды бақытты болуы екіталай. Онсыз рухани бай, өнегелі, білімді де білікті адамдар тәрбиелеу мүмкін емес». Бұл пікір оқу орнымыздың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Бөлісу