Ақан Сері атындағы мәдениет колледжі

Бүгінгі таңда біздің колледж – Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы   үздік оқу орындарының бірі.  Бұның дәлелі  «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ өткізген  «Колледждер рейтингі – 2017»  қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болуы. Оқу орны  шығармашылық ұжымдардың жыл сайынғы жетістіктерімен және олардың  облыстық көркемөнерпаздар  байқауының лауреаты атағымен,  Түркия еліндегі фольклорлық ансамбльдер, Дагестан Республикасындағы «Каспий – достық жағалауы» халықаралық фестивальдеріне қатысуымен, Ресей Федерациясы Йошкар-Ола және Курган қалаларында өткен  театралдық қойылымдарымен, облыстық, республикалық және халықаралық жастар Дельфий ойындарындағы жеңістерімен мақтанады.

Колледж түлектері Қазақстанның көптеген аймақтарында, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде  мәдениет және өнер  салаларының жоғары кәсіби  мамандары болып қызмет атқаруда.

Колледжде  нағыз мамандар, өз ісінің шеберлері, білікті оқытушылар еңбек етіп, білім алушыларға  хореографияның, сценарий жазу шеберлігінің, режиссураның, дизайн өнері мен кітапхана ісінің   құпияларын ашып, қыр-сырын үйретуде.

Миссия

Социумның үнемі өзгеріп отыратың жағдайына тез бейімделе алатын жаңа ұрпақтың жоғары білікті мамандарын даярлау.

Пайым

Сохраняя традиции и внедряя инновации, колледж – лидер среди организаций образования в качественной подготовке высококвалифицированных специалистов сферы культуры и искусства, соответствующих требованиям общества и работодателей с возможностью карьерного роста и достойного положения в обществе.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бөлісу